12
ноябрь
2024
"Ұшқыр ой алаңы"
Қараша айында мектепалды "Ә" сыныбында "Ұшқыр ой алаңы" жобасын жүзеге асыру мақсатында тәрбиеленушілер арасында "Атадан қалған асыл сөз" атты мақал-мәтелдер сайысы мен сөзжұмбақ ойыны өткізілді. Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілердің тіл байлығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, ата-баба мұрасын қастерлеуге баулу. Сонымен қатар, сөзжұмбақ шешу арқылы логикалық ойлау дағдыларын көрсетті. Іс-шара тартымды, қызықты әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды.
