«Жамбыл менің жай атым, халық менің шын атым» » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
29
январь
2019

«Жамбыл менің жай атым, халық менің шын атым»

Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде Жамбыл Жабаевтың туғанына 173 жыл толуына орай «Жамбыл менің жай атым, халық менің шын атым» атты әдеби кештің
Анықтамасы
Әдеби кештің өтуіне ұйытқы болған 5-11 сынып оқушыларының Жамбыл шығармаларына деген қызығушылықтары.
Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлт жандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәрбиелеу.
«Жыр алыбы Жамбыл атамыздың мерейтойы қарсаңында қазақтың бір перзенті ретінде біз де қарап отыра алмадық, осындай әсерлі әдеби кешті өткізу себебіміз, Жамбыл бабамыздың артында қалдырған бай мұрасын аз да болса жас ұрпақтың есіне салып, оның шығармашылығы жайлы баяндау. Атаның ақындық талантын өскелең ұрпақтың жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуді ұғындыру. Кітапхана қорында жинақталған Ж.Жабаев шығармаларын оқырмандарға кеңінен ұсыну. Жамбыл Жабаев 1846 жылдың 28 ақпан күні Жамбыл тауы етегінде дүниеге келген. Ол қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлділі, жырау, жыршы. Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы –екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар – үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді.
Жамбылдың ерте уақыттағы өлеңдері «Көрғұлы» (15 күн ұдайы айтады екен), «Ерназар-Бекет», «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы», «Тезекбай мен Сүйінбай», «Жамбыл мен Құлмамбет айтысы», «Абылай ханның Бұқар жырау мен үш жүздің арасын аралағаны», «Шежірелер», «Әр түрлі термелер» атты шығармалары болып табылған.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметті 1925 жылы «Терме» журналы ақпаратты Шамғали Сарыбаев берген. Осы мәліметтер негізінде 1936 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде «Жамбыл ақын фольклорды көп біледі» атты мақала жариялады.
Шара барысында оқушылар ақынның өмірбаянын оқумен қатар, «Кәмшат қыз», «Менің өмірім», «Алғадай туралы», «Балама хат», «Отанды сүй» «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» атты өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Сондай ақ, кештің көрігін қыздыратын «Атамекен», «Майтөбе» өлеңдерін арулар шарықтата орындады. Жамбыл атамыздың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтудан І орын иеленген 5 «А» сынып оқушысы Досқара Ұлжан, ІІ орынды Асылбек Жанель 7 «А» сынып оқушысы, ІІІ орынды Өтеген Ерасыл 5 «А», өзге ұлт өкілдерінің оқушылары 6 «В» Османов Мадина, Хелаева Севда ІІІ орын алса, қалған оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Ж.Жабаев - Ұлы даланың жыршысы екенін, шындықты замана болмысын жасырмай суреттегенін, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауысымен жырлағандығын кештің ұйымдастырушылары тыңдарман қауымға жеткізе алғандай болды.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив