15
январь
2021
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында айлық өтуде, осыған байланысты осы аптада барлық сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізуде. "Адалдық борышың", "Адамгершілік асыл қасиет","Адалдық адамдықтың белгісі", "Мы против коррупции", "Адалдық сағаты" т.б тақырыбтарда өткізді. Балаларға жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын: адал еңбек, мінсіз-ақыл, таза-жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді"-деген Шәкәрім атамыз. Сондықтан балаға осындай ақылдылықты, адалдықты, қарапайым мен кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйрететіні сөзсіз. Осындай танымдық сынып сағаты, оқушыларға үлкен көмек.