06
май
2021
Бабаларымыздың асыл арманы болған, бақ пен берекенің бастауы осыдан 30жыл бұрын сүйінші айтып әлем халқына жариялаған Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Бүгін, Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде аудан әкімінің жоспарына сай, Тәуелсіздік мерекесіне "Ұлы даланың-Тәуелсіз Елі" тақырыбында үлкен мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекеге аудан әкімі орынбасарының кеңесшісі Қалаева Мөлдір Қайратқызы, білім бөлімінің әдіскері С.Раптаева, Сарымолдаев округінің бас маманы Б.Құралбаев қатысып, ыстық лебіздерін білдірді. Оқушылар ән -жырларын орындап, өз көріністерінде Тәуке ханның мына сөзін қойылымда көрсетті: Құдіреті күшті Алланың алдында, қалың елім халқымның алдында Тәуке басым хан болып, Қазақ елінің бағын асырып, көтерілген орданың мерейін асырып, Ұлы тұран даласының бірлігін келтіріп, төрткүл дүниеге рухты ел екенімізді паш етуге Ант еттім деген екен....Осындай балалардың арманын арқалап, Тәуелсіздік көк жебесі болып Нұрсұлтан Назарбаев тарих сахнасына шықты. 30-жылдағы ерен еңбек, біздің еліміздің мақтанышы. Тәуелсіздік Ұлы мереке, айбынды мереке.