27
май
2021
«Алтын тобылғы» байқауының бас жүлдегері
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің 5-8 сынып оқушыларына «Алтын тобылғы» байқауының бас жүлдегері, Қазақстан жазушылары және журналистер одағының мүшесі, «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Мақпал Мысаменнің адалдық сағатын тамашалады.
Адалдық сағат барысында Мақпал, өмірдегі ұлтқа тән қасиеттерді бойымызға сіңіріп, өмір сүру міндетіміз деп атап көрсетті. Адам алдына құнды мақсат қоя білу керек. Сонымен бірге өмірдің жеті кереметін- сену, сезу, түсіну, көру, есту сияқты қаситтер арқылы айшықтау қажет. Ақыл- парасат күші, жақсы мен жаман қылықты айыруға дүниедегі ізгіліктің көзін игеруге жол ашатын күш. Міне, осы сияқты өмір сүруге керекті дүниелерді оқушыларға жеткізе білді.