22
сентябрь
2021
"Парасатты отбасы" байқауы
Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде қыркүйек айының басынан бастап, "Парасатты отбасы" байқауы өтілетіні жайлы барлық ата-аналарға, оқушыларға хабарланған болатын. Осы мақсатта ата-аналарға байқаудың ережесімен толық таныстырылып, тапсырма берілген.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың басты іргетасы – отбасы. Азаматтық қоғамды құрудың қозғаушы күші болып табылатын отбасылық қарым - қатынастар арқылы қоғамда адал еңбекке, сыйластыққа, парасаттылыққа қол жеткізуге болады.
Мақсатымыз - парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту.
Осыған орай,
байқауға 38 отбасының бейне ролигі қабылданды. Соның ішінде, көзге түскен "Өндірістегі үздік отбасына Өтегеновтер, "Шеберлер " отбасына Сауытбектер мен Маджитовтар, «Үздік оқырман» отбасына Сахатовтар, "Салауатты» отбасына Қуанышұлы мен Қуанаевтар отбасы, Оразхандар «Өнерлі отбасы» , Орақбайлар – «Жомарт отбасы», Қызылжумовтар – «Саяхатшыл отбасы», Дургаловтар – «Парасатты" отбасы», Оразгалиевтер – «Шығармашыл отбасы» номинациясына сай өз бейнероликиерін дайындаған.
Қатысушылар «Парасатты отбасы» тақырыбында еңбектегі, оқудағы жетістіктер мен отбасылардың әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларға қаншалықты мән беріп, бос уақытты тиімді пайдалану туралы пайдалы да өнегелі мәліметтерді ұсына білген.....