24
ноябрь
2021
"Жол ережесі туралы не білеміз?"
9 Владимир Савва атындағы ЖОББМЛ-же 6-сыныптарымен "Жол ережесі туралы не білеміз?" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті.
Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Оқушыларға бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз екендігі,сонымен қатар баршамызға оның сырын біліп, тілін алу керек екендігі толық түсіндірілді. Сонымен қатар, Жол инспекциясының қызметкері жолда жүру ережелері мен жол белгілері туралы түсіндірді. Мұғалімнің дайындауымен ұяшық таңдау арқылы балалар шыққан сұрақтарға жауап берді. Қыздар «Бағдаршам» флеш-мобын биледі.
Біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек екені ұғындырылды. Осы тұрғыда оқушыларға сұрақтар қойылып, жұмбақтар жасырылды.
Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме ? - деген сұраққа оқушылар жолда қалай жүру керектігін, бағдаршам мен жол белгілері туралы білетіндіктерін айтып, өз пікірлерімен бөлісті.