Балалар қауіпсіздігі, кадрлық әлеует және инфрақұрылым » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » » Балалар қауіпсіздігі, кадрлық әлеует және инфрақұрылым
28
март
2025

Балалар қауіпсіздігі, кадрлық әлеует және инфрақұрылым

Балалар қауіпсіздігі, кадрлық әлеует және инфрақұрылым: Ғани Бейсембаев өңірлік білім басшыларына жүктелетін негізгі міндеттерді атады
📍Астанада облыстық білім басқармалары мен аудандық білім бөлімдері басшыларының қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста оқу-ағарту жүйесін дамытудың басым бағыттары айқындалды.
⚡️Оқу-ағарту министрі мемлекет педагогтерге қолдауды жүйелі түрде арттырып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, «Педагог мәртебесі туралы» Заң – мұғалімге ұлттың стратегиялық ресурсы ретінде қарайтын жаңа көзқарастың қалыптасуының негізі болды. Педагогтерді аттестациялау тәсілі қайта қаралып, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау, қызметіне жатпайтын міндеттерден босату, сондай-ақ оқушыларға тәрбие мен білім беруде жетістікке жеткен үздік ұстаздарды ынталандыру бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде сапалы жүзеге асыруға  жергілікті атқарушы органдар міндетті болып табылады.
«Мемлекет басшысы педагогтің ел болашағын қалыптастырудағы рөлін үнемі айтып келеді. Бүгінгі мұғалім – ол қоғамды жаңғыртудағы басты тұлға. Осыған орай, барлық білім басқармалары мен бөлімдері басшыларына «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қатаң сақталуы қажет екенін тағы да ескертемін», – деді министр. 
❗️Сондай-ақ министр «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы аясында жергілікті жерлерде жаңашылдық енгізуге қабілетті жаңа буын басшыларын даярлау жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Мемлекеттік саясаттың сабақтастығы мен нәтижелілігін қамтамасыз ете отырып, кадрлық резервке енген қатысушыларды басқарушылық қызметтерге тағайындау процесін жеделдету тапсырылды.
📌 Жиында жергілікті жерлердегі қаржылық тәртіп мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Екі жыл бұрын министрлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен бірлесіп, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді жұмысқа бастамашылық еткен болатын. Жол картасының шеңберінде 17 миллиард теңге көлеміндегі қаржы мемлекеттік бюджетке қайтарылды.
«Біз ашық және есеп беретін білім беру жүйесін қалыптастырудамыз. Әрбір басшы жоғары моральдық талаптарға сай болуы тиіс. Бұл жұмыстың табысты болуы – жергілікті атқарушы органдардың тиімді қызметіне тікелей байланысты. Білім беру саласына бөлінген әрбір теңге балалардың игілігіне, олардың болашағына және елдің дамуына жұмсалуы қажет», – деді Ғани Бейсембаев.
‼️ Министр «Адал Азамат» бағдарламасы аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәрбиелік жұмысты күшейту мәселесіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар өңірлерге білім беру инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру тапсырылды. Айта кетейік, қазіргі таңда 3 қала мен 17 өңірдің әкімдіктері қарамағында 211 аудандық білім бөлімі жұмыс істейді.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1061845362655182&set=pcb.1061845559321829&locale=ru_RU
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив