"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.
- Мәтін
- Ресми жарияланым
- Ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Көшіру
- Басқа
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне берсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 20.12.2019 № 949 қаулысымен.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүктелсін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.12.2019 № 949 қаулысымен.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.