22
октябрь
2020
Облыстық "V Шерхан оқулары" байқауы
Қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның сан қырлы шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық "V Шерхан оқулары" өткізіліп, байқау өз мәресіне жетті. Байқауға мектебіміздің 11 "А" сынып оқушысы Амангелді Құндыз "Шерхан Мұртаза мұрасы" бағыты бойынша "Шерхан Мұртаза шығармаларындағы аналар бейнесі" тақырыбында ғылыми жоба қорғап, республикалық кезеңге (ІІ орын) жолдама алды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Абуева Л.К. Құндызға республикалық кезеңде ауданымыздың намысын қорғап, жеңіске жетуіне тілектеспіз!!!