08
октябрь
2021
"Жалын" фракциясы жүлделі ІІІ орынды иеленді
7 қазан 2021 жылы Меркі ауданы Оқушылар "Үміт" сарайында, өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекелеріне арналған мектеп оқушыларының аудандық пікірсайыс турнирі өткізілді. Нәтижесінде Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің атынан қатысқан "Жалын" фракциясы жүлделі ІІІ орынды иеленді.