29
июль
2021
"Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету
"Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10348 тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде өзгермейді – ҚР Білім және ғылым министрінің 03.02.2020 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестаттың нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес білім туралы аттестаттың нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшалардың нысандары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Алтын белгі жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы үздік дипломның нысаны;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес екі тілде техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның нысаны;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы үздік дипломның нысаны;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес екі тілде орта білімнен кейінгі білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес кәсіптік даярлау туралы куәліктің нысаны;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;
22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;
23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес іскерлік әкімшілік жүргізу докторы дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;
24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес резидентураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес интернатураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес клиникалық ординатураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес үш тілде дипломға қосымшаның нысаны;
28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес магистр дипломына куәліктің нысаны;
29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;
30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес профессор ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;
31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес философия (PhD) докторы (баламалылығын тану) дәрежесін беру дипломының нысаны;
32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес бейіні бойынша доктор (баламалылығын тану) дәрежесін беру дипломының нысаны;
33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін дипломның нысаны;
34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін дипломның нысаны;
35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.2018 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2020 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Сәрінжіпов | ||
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына 1-қосымша | |||
1. Куәлік, аттестат, сертификат, диплом білім алушының тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгергенін растайтын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері (бұдан әрі - құжаттар) болып табылады.
2. Құжаттардың барлық түрлері (философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарынан, қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор аттестаттарынан басқа):
1) көлемі 224 x 160 мм қатты мұқабадан;
2) көлемі 210 x 150 мм қосымша парақтан;
3) қосымшадан тұрады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.12.2017 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-1. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдары, қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор аттестаттары:
1) көлемі 310 х 110 мм қатты мұқабадан;
2) көлемі 310 х 110 мм қосымша парақтан тұрады.
Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.12.2017 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Құжат мұқабасы:
1) үздік құжат үшін - қызыл түстен;
2) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған тұлғаларға берілетін құжат үшін - көгілдір түстен;
3) магистр, доктор (PhD, бейіні бойынша) дипломдары үшін – күрең қызыл түстен;
4) басқа қалған құжаттар үшін - қою көк түстен дайындалады.
4. Құжаттардың барлық түрлерінің мұқабасында алтын түспен жасалған:
1) жоғары жағында мемлекеттік тілде: "Қазақстан Республикасы" деген өрнектелген жазу;
2) ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі;
3) Мемлекеттік елтаңба бейнесінің астында мемлекеттік тілде өрнектеліп жазылған құжат түрінің атауы орналасады.
5. Құжаттарға қосымша парақтардың, қосымшалардың бланкілері баспаханалық тәсілмен басылады (қолмен немесе баспа құрылғыларының көмегімен толтырылатын деректерді есепке алмағанда).
6. Қосымша парақтардың, қосымшалардың бланкілері арнайы қорғаныш (су тамғысы белгілерімен) дәрежелері бар мынадай қағазда басылады:
1) ақшыл-қызғылт түс – үздік белгісі бар құжаттардың қосымша парақтары магистр, PhD докторы, бейіні бойынша докторы, сондай-ақ "Алтын белгі" белгісімен марапатталған тұлғаларға берілетін құжаттар үшін;
2) ақшыл-көк түс - барлық қалған құжаттардың түрлері үшін қосымша парақтар мен қосымшалар.
7. Қосымша парақтың бетжағында:
1) жоғары жағында - "Қазақстан Республикасы" деген сөздер;
2) ортасында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі;
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңба бейнесінің астында - құжат түрінің мемлекеттік тілдегі атауы орналасады.
8. Құжаттың қосымша парағының ішкі екі жағында ортада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі басылады.
9. Құжаттың қосымша парағының сол жақ ішкі бетінде мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында - орыс тіліндегі бірдей мазмұны көрсетіледі.
Жоғары білім туралы, магистр, доктор (PhD, бейіні бойынша) дипломдарының, доцент және профессор аттестаттарының қосымша парақтарының сол жақ ішкі бетінде мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында орыс және ағылшын тілдерінде бірдей мазмұны көрсетіледі.
10. Үздік белгісі бар құжаттың қосымша парағының ішкі екі бетінде баспаханалық тәсілмен қызыл түспен "Үздік" және "С отличием" деген сөздер жазылады, жоғары білім туралы дипломдар үшін "Үздік" деген сөз қосымша парақтардың бет жағына жазылады.
11. "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдарға берілетін құжаттың қосымша парағының ішкі екі бетінде баспаханалық тәсілмен, қола түспен "Алтын белгі" деген сөздер жазылады.
12. Құжаттардың барлық түрлерінің қосымша парақтарының сериясы мен жеті саннан тұратын нөмірі болады.
13. Құжаттардың қосымша парақтарының бланкілері оларға жазылатын жазулар каллиграфиялық жазумен немесе басу құрылғыларының көмегімен жазылатындай етіп жасалуы тиіс.
14. Құжаттардың барлық түрлерінің қосымша парақтарының бланкілерінде деректерді автоматты сәйкестендіру және жинау технологиясын және (немесе) QR коды қолданылады.
Ескерту. 14-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.05.2020 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттардың қосымша парақтарының, қосымшаларының бланкілерінде мәлімделген білім беру бағдарламаларын аккредиттеген аккредиттеу агенттіктерінің логотиптері орналастырылады.
Ескерту. 15-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.05.2020 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына 2-қосымша | |
Нысан |
Негізгі орта білім туралы аттестат
Негізгі орта білім туралы АТТЕСТАТ НОБ № _________________________ Осы аттестат _____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда) ______________________________ берілді Ол _______ жылы _____________________________________ _____________________________________ (білім беру ұйымының толық атауы) ___________________________________ бітірді және негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгерді Директор_________/_________/ Директордың орынбасары ______/______/ Сынып жетекшісі _________/_________/ М.О. ______ жылғы "___" ____________ берілді Елді мекен ______________________ Тіркеу нөмірі № _________________ | АТТЕСТАТ об основном среднем образовании НОБ № ________________________ Настоящий аттестат выдан ________________________________________ (фамилия, имя, отчество) (при его наличии) в том, что он (-а) в _____ году ____________ окончил (а) ______________________________ ________________________________________ (полное наименование организации образования) и освоил (-а) _____________________________ общеобразовательную учебную программу основного среднего образования Директор _______/________/ Заместитель директора _______/ ________/ Классный руководитель ________/ _________/ М.П. Выдан "____" _________________ года Населенный пункт ____________________ Регистрационный номер № ____________ | ||
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына 3-қосымша | |||
Нысан | |||
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Негізгі орта білім туралы үздік АТТЕСТАТ НОБ № _________________________ Осы аттестат __________________________ _____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда) ____________________________берілді Ол _______ жылы _____________________ _____________________________________ (білім беру ұйымының толық атауы) ______________________________________ бітірді және негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгерді Директор_________/_________/ Директордың орынбасары _______/______/ Сынып жетекшісі _________/_________/ М.О. ______ жылғы "___" ______________ берілді Елді мекен ______________________ Тіркеу нөмірі № _________________ | АТТЕСТАТ с отличием об основном среднем образовании НОБ № ________________________ Настоящий аттестат выдан _____________________________________ (фамилия, имя, отчество) (при его наличии) __________ в том, что он (-а) в ______ году окончил (а) ___________________________ ______________________________________ (полное наименование организации образования) и освоил (-а) ___ общеобразовательную учебную программу основного среднего образования Директор _______/____________/ Заместитель директора ________/ ________/ Классный руководитель _______/ ________/ М.П. Выдан "____" _________________ года Населенный пункт ____________________ Регистрационный номер № ____________ |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына 4-қосымша | |
Нысан |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.05.2020 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымша (НОБ № ___ аттестатсыз жарамсыз) __________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда) Оқыған кезінде __________________ ________________________________ (білім беру ұйымының толық атауы) мынадай білімін көрсетті: қазақ тілі _______________________ қазақ әдебиеті ___________________ орыс тілі _______________________ орыс әдебиеті ___________________ ана тілі _________________________ ( ) әдебиеті _____________________ шет тілі ________________________ алгебра ________________________ геометрия _____________________ информатика ___________________ география _______________________ биология ________________________ физика __________________________ химия __________________________ дүние жүзі тарихы ________________ Қазақстан тарихы ________________ құқық негіздері__________________ өзін-өзі тану _____________________ музыка __________________________ көркем еңбек ____________________ дене шынықтыру _____________ таңдауы бойынша курстар ________ ______________ факультативтік курстар бойынша бағдарламаны орындады. Директор _______/ __________/ Директордың орынбасары _______/ ________/ Сынып жетекшісі _______/ ___________/ М.О. | Приложение к аттестату об основном среднем образовании (без аттестата НОБ № ___недействительно) ________________________________ (фамилия, имя, отчество) (при его наличии) за время обучения в _____________ (полное наименование организации образования) _____________________ показал (-а) следующие знания: казахский язык __________________ казахская литература _____________ русский язык ____________________ русская литература ______________ родной язык _____________________ ( ) литература ___________________ иностранный язык _______________ алгебра ________________________ геометрия _____________________ информатика ___________________ география ____________________ биология _____________________ физика _______________________ химия ________________________ всемирная история _____________ история Казахстана ___________ основы права _____________ самопознание _______________ музыка ____________________ художественный труд__________ физическая культура __________ курсы по выбору ______________ Выполнил (-а) программу по факультативным курсам ________________ Директор ________/ ___________/ Заместитель директора _______/ ________/ Классный руководитель _______/ _______/ М.П. |