25
ноябрь
2020
«Көңіл –күйіңді көтеріп, қуана біл»
2020 жылы қараша айының 25 күні Владимир Савва атындағы № 9 жалпы білім беретін мектеп –лицейінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Анисова мен мектеп психологтары П. Байтугелова, С. Абашева оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған және келеңсіз оқиғалардың алдын алу айлығы кезінде 8-10 сынып оқушылары арасында офлайн түрінде «Көңіл –күйіңді көтеріп, қуана біл» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты: жасөспірімдерге психикалық денсаулық туралы, өзіңнің психологиялық –эмоционалдық ,жай күйіңді жақсартуды қалай үйренуге және стресстік жағдайларға төзімділік танытуды дамытуға болатыны туралы ақпарат ұсыну.
Семинарға мектеп медбикесі Қ. Тлеубаева, сынып жетекшілер Р. Шерипбаева , И. Авдонькина, Н. Ильяс, Г. Тулекова , Г. Смаилова қатысты.
Семинарға мектеп медбикесі Қ. Тлеубаева, сынып жетекшілер Р. Шерипбаева , И. Авдонькина, Н. Ильяс, Г. Тулекова , Г. Смаилова қатысты.