Жаңа оқу жылындағы тамақтандыру жұмыстарын ұйымдастыру
Жаңа оқу жылындағы тамақтандыру жұмыстарын ұйымдастыру
Облыстық білім басқармасының 2021 жылғы 16 тамыз күнгі №03-4644 және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 13 тамыздағы №3-15-2/3162-И хатына сәйкес аудандық білім бөлімінің 17.08.2021 жылғы №1041 хат негізінде балаларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету, балалар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралардың өткізілуі жоспарланды. Оның ішінде карантин кезеңінде тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері, ата-аналармен, кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу; ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығының 20 тармағын орындау үшін ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №64 қаулысына сәйкес бірыңғай ас мәзірін бекіту және оның енгізілуін қамтамасыз ету; тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның қызметін белсендіру; Мектептің сайтына тамақтандыру бойынша мәліметтер орналастыру жұмыстары жүргізілді.