Анықтама
Қазан айының 7-сі күні шектеу іс-шаралары кезеңінде Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің асхана жұмысын аудандық мобильдік топ құрамы тексерді. Мектебімізде биылғы оқу жылында көпбалалы және әлеуметтік жағдайлары төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан 225 (екі жүз жиырма бес) білім алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасына сай мектеп асханасында 2 ауысымда 2021 жылдың қыркүйек айының 9-нан бастап мектеп асханасынан бір мезгіл тегін тамақпен қамтылған.
Меркі ауданының білім бөлімінің 2021 жылғы 1 қазандағы №253 бұйрығына сәйкес құрамы Меркі аудан әкімінің орынбасары Б.Бегалиев, Меркі ауданы «Бақытты отбасы» орталығының меңгерушісі Р.Сапарғалиева, Меркі аудандық орталық аурухана дәрігері Ұ.Көктеубаев, Меркі ауданы білім бөлімінің әскері Л.Абеновамен жасақталған мобильдік топ 2021 жылдың 7 қазанында Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектебінің асханасына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында асхана тазалығы, аспазшылардың тазалығы, жеке гигиеналықты сақтауда арнайы киіммен жұмыс атқару, ас мәзірінің сәйкестігі, дайындалған тағамның нормасы, сапасы, асхананың сыйымдылығы, кезекшілік кестелері, сонымен қатар ауыз су режимінің ұйымдастырылуы, асханаға кіреберісте және тамақтану залында қол жууға арналған арналған жағдайлар, балалардың қолын өңдеуге арналған тері антисептиктерінің көзделінуі, олардың көрінетін және қолжетімді жерлерге орналастырылуы, буфет өнімдерін сату жеке арнайы қаптамада жүзеге асырылуы тексерілді. Комиссия құрамы тексеру барысында жалпы шектеу іс-шараларының талаптары алдағы уақытта да мектеп асханасында, аспазшы мамандарының жұмысы да өз деңгейінде ұйымдастырылып отырылуы керек деген ұсыныс айтты.