11
февраль
2025
«Қазіргі білім беру процесіндегі жасанды интеллект және инновациялық технологиялардың мүмкіндіктері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция
Ақпан айында сапалы білім беру округі бойынша бекітілген № 33 орта мектебімен бірге «Қазіргі білім беру процесіндегі жасанды интеллект және инновациялық технологиялардың мүмкіндіктері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Мақсаты: Қазіргі таңдағы білім мен ғылымның өзекті мәселелерін қарастыру, талқылау, орта білім беру процесіндегі жаңа технологиялардың маңыздылығын көрсету, жасанды интеллект мүмкіндіктерін саралау.Конференция пленарлық мәжіліс және секциялық отырыс бойынша практикум жұмысымен жалғасын тауып, өзекті тақырыптар қамтылды. Аталған іс-шаралар педагогтердің кәсіби біліктілігін арттырып, оқушыларға сапалы білім беруге септігін тигізетіні атап өтілді, сертификат табысталды.


