" Әкелер өнегесі-ұрпаққа үлгі" » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
13
ноябрь
2025

" Әкелер өнегесі-ұрпаққа үлгі"

Әкелер құрылтайы
✅️Бүгін, 13.11.күні мектебімізде " Әкелер өнегесі-ұрпаққа үлгі" тақырыбында Әкелер құрылтайы өткізілді. 
✅️Мақсаты: Әкелер мен мектеп арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты нығайту. Оқушылар бойында әкеге деген құрмет пен отбасылық құндылықтарға  сүйіспеншілігін қалыптастыру. Мектепте орын алып жатқан мәселелерді бірге шешу.
✅️Әкелер құрылтайына жиналған қауым- мектебіміздің әкелері, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жылысбаев Байсейіт Сабырұлы,  ақсақалдар төрағасының орынбасары Шолпанқұлов Ержан ата, Меркі ауданы түрік ұлтының диаспора  төрағасы Османов Айваз Магадиевич, мектеп инспекторы Арна Маңызқызы, мектебіміздің ата аналар қоғамдық кеңестің төрағасы М.Шалабаев қатысты. 
✅️Құрылтай барысында мектебіміздің дарынды оқушылары Әке туралы өлең жырлары мен әндерін  әкелерге тарту етті. Мектебіміздің директордың құқықтық тәрбие -ісі жөніндегі орынбасары Иманжанов А.С  мектептегі құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырып өтті. 
Жүргізушілер: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-А.Мұхтанова мен матемтика пәнінің мұғалімі А.Бауыржанұлы маңызды тақырыптарды көтеріп, келген қонақтардың ой-пікірін ортаға салды. Құрылтай барысында мына тақырыптар өрбіді: Бала қауіпсіздігі,білім алушылардың тәртібі мен жауапкершілігін арттыру жолдары, оқушылардың интернет пен гаджеттерді дұрыс пайдалану мәдениеті. Бала еңбегін қорғау  және құқықтық сауаттылық. 
Жүргізушілер өмірден алынған мысалдарды көтере отырып, Әкелердің ақыл ойлары, пікірлері тыңдалды. Құрылтай соңында шешім шығарылып, бірауыздан мақұлданды. Мектеп басшысы Н.Сейсенбаевна  құрылтайға жиналған Әкелерге үлкен алғысын жеткізіп, бала болашағына бірге жауапкершілікке шақырды. Бірге алынбайтын қамалдың жоқтығын, бірге шешім шығаруға, бала тәрбиесіне бірге болуға шақырды. Құрылтай соңында "Менің әкем-жақсы адам" әні  бірге орындалды..ӘКЕ-отбасының тірегі. ӘКЕ -ұлға өнеге, қызға қорған. ӘКЕ- ертеңге сенім, бүгінге үлгі..







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив