09
январь
2026
«Заң мен тәртіп» тақырыбында акция
2026 жылдың 09 қаңтар күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 8-30 қаңтар аралығында өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін, заң мен әділеттілік қағидаттарын құрметтеуді қалыптастыруға бағыттау мақсатында «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша «Заң мен тәртіп» тақырыбында акция өткізілді. Акция барысында мектеп директоры Н.С.Койшиманова, ДҚТЖО А.Иманжанов, «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері «Заң мен тәртіп» айлығы аясында өтетін іс-шара жоспарымен таныстырып, алдағы уақытта аталған өткізілетін іс-шараларға оқушыларды белсенді қатысуға шақырды.
