11
февраль
2026
Анықтама
2026 жылғы 11 ақпан күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде «Жас сақшы» сыныбының оқушылары (жетекшісі Ғ.Толғанбай) бастауыш сынып оқушыларымен жолда жүру ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында жас сақшылар бағдаршамның қызметі, жаяу жүргіншілер өткелі, жол белгілерінің маңызы туралы айтып, көшеден дұрыс өту ережелерін түсіндірді. 
