04
ноябрь
2025
Жылыжайда банан көшеттерін отырғызу тәжірибесі жүргізілуде
04.11.2025 жылы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейінде бүгін мектебіміздің эксперименттік тәжірибе алаңы жылыжайда банан көшеттерін отырғызу тәжірибесі жүзеге асты!
Бұл бастама — оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыруға, ғылыми зерттеу дағдыларын дамытуға және табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіруге бағытталған эксперименттік экожоба.
Біз бұл жұмысты жай ғана отырғызу деп емес, нақты ғылыми тәжірибе деп қабылдаймыз:
жобаның барысында топырақ құрамын зерттеп, ылғалдылық пен температураны бақылап, банан өсімдігінің бейімделу мүмкіндігін талдадық.
Мақсатымыз:
— Жасанды экожүйеде тропикалық өсімдіктің өсу жағдайын бақылау;
— Қоршаған орта факторларының әсерін зерттеу;
— Экологиялық ойлау мен тәжірибелік зерттеу қабілеттерін дамыту.
Эксперименттік алаңдағы бұл тәжірибе ЕБҚ балалар үшін ерекше оқу мүмкіндігін ұсынады: олар табиғатты тек теория жүзінде емес, тікелей әрекет арқылы танып, экожүйедегі өзара байланыстарды қолжетімді, бейімделген форматта түсінеді.
Жоба олардың экологиялық мәдениетін арттырумен қатар, өзіндік бағасын, табиғатты қорғауға деген қызығушылығын, эмоциялық тұрақтылығын және танымдық белсенділігін дамытуға оң әсер береді
Бұл тәжірибе арқылы оқушылар тірі табиғаттағы заттар мен энергияның айналымын, өсімдіктердегі қоректік заттардың тасымалын және экожүйенің өзара байланысын нақты мысал арқылы көре алды.
Эксперименттік алаңдағы бұл тәжірибе ЕБҚ балалар үшін ерекше оқу мүмкіндігін ұсынады: олар табиғатты тек теория жүзінде емес, тікелей әрекет арқылы танып, экожүйедегі өзара байланыстарды қолжетімді, бейімделген форматта түсінеді.
Жоба олардың экологиялық мәдениетін арттырумен қатар, өзіндік бағасын, табиғатты қорғауға деген қызығушылығын, эмоциялық тұрақтылығын және танымдық белсенділігін дамытуға оң әсер береді.
🌿 Табиғатты бірге зерттейік, бірге қорғайық!