17
октябрь
2025
«SUPERHERO ІЗДЕМЕ – ӨЗІҢ ВОЛОНТЕР БОЛ» волонтерлік қызметі туралы ашық сабақ

2025 жылдың 17-ші қазан күні Аманбаева Камиля Бақтыбекқызының ұйымдастыруымен «SUPERHERO ІЗДЕМЕ – ӨЗІҢ ВОЛОНТЕР БОЛ» волонтерлік қызметі туралы ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға волонтерлік қызметтің мәнін түсіндіру, қоғамға пайдалы болу идеясын насихаттау, азаматтық жауапкершілікті, мейірімділік пен белсенділікті дамыту.
🔰Сабақ барысында оқушыларға мұғалім «Сіздер суперқаһарман болғыңыз келе ме?» деген сұрақ қояды. Оқушылар шынайы өз жауаптарын айтады.
Қысқаша бейнеролик көреді «Волонтерлер – шынайы өмірдің супергеройлары» (мысалы, жастардың қайырымдылық акцияларынан).
Талқылау сұрақтарына оқушылар жауап береді Волонтер деген кім?, Ол не істейді?,Біз өз мектебімізде, ауылымызда қандай көмек көрсете аламыз?
Оқушылар 3 топқа бөлінеді:Шығармашылық кезеңінде Әр оқушы «Мен қандай волонтер болар едім?» тақырыбында мини-эссе немесе постер жасайды.
Мұғалім қорытынды сөз сөйлейді:
🔰«Супергерой болу үшін плащтың керегі жоқ, тек жүректе мейірім болса жеткілікті!»