13
май
2025
Жұмысшы мамандықтар жылына орай 9 - Меркі колледжінде «Агродрон» экологиялық форсайт сессиясы
✅️Жұмысшы мамандықтар жылына орай 9 - Меркі колледжінде «Агродрон» экологиялық форсайт сессиясы өткізілді.📌Сессияның негізгі мақсаты - болашақтағы ықтимал өзгерістерді, трендтерді, қауіптер мен мүмкіндіктерді болжау арқылы стратегиялық шешімдер қабылдауға көмектесу.📑Бұл шарада:
- Агродрондардың тиімділігі мен нарықтағы орны;
- Инновациялық шешімдердің фермерлік тәжірибеге ықпалы;
- Жас мамандардың мүмкіндіктері мен дағдылары;
- Болашақ трендтер мен стартап идеялары қарастырылды.
Сессияға ауданымыздың «Ардагерлер» ұйымының мүшесі Қ.Шайхиев, ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Мансап орталығы, Жастар ресурстық орталығы мамандары, «Мер Агро» ЖШС-нің ресурстық бақылаушы төрағасы Б.Ж.Әбжаппаров, сондай – ақ, мектебіміздің атынан экологиялық бағытта жүзеге асырылып жүрген стартап жобалардың автор оқушылары мен жетекшілері қатысты.
📌Сессия барысында “Жас ғалымдар” өздерінің “Экологиялық мәдениетті қалыптастыруды трансформациялау” жобаларымен бөлісті. Атап айтқанда:
♻️10 “А” сынып оқушысы Елубай Есімхан “Смарт Жылыжай” жобасы
♻️9 “А” сынып оқушысы Жеңісхан Жалғас “Қоқыстан екіншілік өнім” жобасы
♻️9 “Ә” сынып оқушысы Амангелді Айым “Ақылды Қоқыс сұрыптау жәшігі” жобасы!
✅Форсайт сессия соңында колледж бен мектеп арасында жобалардың тәжірибелік кезеңін бірлесе ұйымдастыру ұсыныстары айтылды!