14
февраль
2024
"Заңды білу- заман талабы"
2024 жылдың 13 ақпан күні мектебімізде "Заңды білу- заман талабы" тақырыбында құқық қорғау қызметкерлерімен 8-10 оқушылары арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында Меркі ЮПТ полиция лейтенанты А.Маңызқызы, Меркі УПИ полиция аға лейтенанты Н.Бейсен, Меркі КПБ полиция лейтенанты А.Маширханов және "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің жастар ісі жөніндегі инспектор- заңгері Б.Сүйімбай тараптарынан, Қазақстанның мемлекеттік басқару саласындағы құқықтық мәдениетін бағалау және заңдылықты сақтау, кәмелетке толмаған жастарға қатысты ішкі істер қызметкерлерінің қолданатын шаралары, сондай-ақ жауапкершілікке тарту тәртібі туралы толықтай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.