05
сентябрь
2023
кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу
АНЫҚТАМА
М.Әуезов атындағы, жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 05.09.2023 жылы кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа Меркі ауданының білім бөлімінің әдіскері С.А.Метеркулова, АПБ бастығының орынбасары, полиция майоры А.Майнаусов, Меркі АПБ-нің КТІЖ бастығы, полиция майоры Д.Омарова, АПБ-нің КТІЖ учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Маңызқызы Арна қатысты. Мектеп директоры Н.С.Койшиманова күн тәртібін таныстырып берді. Жиналыс барысында ата – аналарға аудандағы болып жатқан әртүрлі келеңсіз жағдайларды айта отырып, толық түсіндіру жұмыстарын жүргізді Ата-аналарға заң талаптарының орындалуын, оқушылардың құқықтары мен міндеттерін сондай-ақ, оларға күтім жасау және күтіп бағу жөніндегі міндеттерінің орындауларын, соның ішінде кәмелетке толмағандардың түңгі уақытта заңды өкілімен, ата – аналарынсыз жүруіне сағат 22:00 ден таңғы 06:00 дейін ойын – сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде жүрмеулерін, кешке кафе, ойын сауық орталықтарында балаларының жұмыс жасамауы, оқушылардың сабақтан себепсіз қалуы, яғни ол 10 күннен артық қалған жағдайда, кибербуллинг-бопсалау, оқушылардың ұялы телефонды дұрыс пайдалану, басқа біреудің суретін жүктемеу, олардың достарымен қарым – қатынасын қадағалау қажет екендігіне тоқталып өтті. Мектепке гидроскутер, мопед т.б. электронды көліктермен келмеулерін, кәмелетке толмаған балаларға рұқсат жоқ екенін және оған хаттама толтырылып, айыппұл салынатынын ескертті.