13
сентябрь
2023
Ата-аналар жиналысы
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде өткізілетін жалпы ата-аналар жиналысы
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1. 2022-2023 оқу жылының қорытынды есебі – мектеп директоры
Н. Койшиманова
2. 2023 – 2024 оқу жылындағы міндеттері – мектеп директоры Н. Койшиманова
3. Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» жолдауымен таныстыру – тарих пәнінің мұғалімі Е. Садыков
4. Жарақаттанудың алдын алу бойынша «Жол жүрісі қағидаларын білу-қауіпсіздік негізі» жол көлік оқиғасының алдын алу - ДОІЖО Кужабекова Н
5. Мектептің ішкі тәртібімен (уставымен) таныстыру – ДТЖЖО Н.Анисова
6. Мектеп оқушыларының міндетті мектеп формасы – ДТЖЖО Н.Анисова
7. Оқушылардың оқулықпен қамтылуы – ДТЖЖО Н.Анисова
8. Мектеп ата – аналар төрайымы мен құрамын бекіту.
9. Әр түрлі мәселелер
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – лицейінде 05.09.2023 жылы жалпы ата – аналар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры Н.Койшиманова күн тәртібін таныстырып берді.
Мектебіміздегі тарих пәнінің мұғалімі Садыков Еркін, Бердиев Дархан 4 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» тақырыбындағы жолдауын насихаттау бойынша жиналыс өткізді. Жиналыста мектеп лекторлар тобы Садыков Е.Е, Бердиев Д жолдаудағы бірнеше бағыттарға тоқтала кетіп, түсіндіріп өтті. Президент жолдауында елді жүйелі түрлендіру шараларының нақты бағдарламасы қамтылып, онда орындау мен жүзеге асырудың нақты мерзімдері көрсетілген. Осылайша, Мемлекет басшысы атап өткендей, металл, химия, уран өндірісін терең өңдейтін өңдеуші секторды дамытуға негізделген еліміздің берік негізін қалыптастыру маңызды бағыттардың бірі болмақ.
Келесі маңызды құрамдас бөлік мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесін енгізу, қазіргі үлгідегі кемшіліктерді жоюға қабілетті құрылыс құралын кілт тапсыру болмақ.
Ұлттық экономиканың бірқатар саласында кадр тапшылығы қатты сезілуде. Әсіресе, техникалық және жұмысшы мамандар жетіспейді. Сондықтан осы салаларға қатысты білім берумен мықтап айналысқан жөн.
Оқу орындары түлектерге жұмыс бере алатын мекемелермен ұзақ мерзімге арналған әріптестік орнатуы қажет. Экономиканың басымдықтарына, аймақтың және саланың ерекшеліктеріне байланысты тиімді қаржыландыру тәсілдері керек.
Еліміздегі демографиялық өсім білімге деген сұранысты арттырады. Мемлекеттің білім саласына қатысты жұмысында тұтастық, яғни жүйе жоқ. Тіпті, өзара байланыс жоқ деуге болады. Сондықтан бес жастан асқан балаларға арналған "Келешек" атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырамын.
Бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс. Осы жинақ пен "Ұлттық қор – балаларға" жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады.
Біз мәдениетті, білімді, ғылымды дамыту арқылы қазіргі ашық әлемнің бір бөлшегі болуға ұмтылуымыз керек. Алдымызға қойған биік мақсатқа жету оңай болмайды. Бірақ бүкіл ел болып кіріссек, бұл – қолдан келетін шаруа. Халық, бизнес және билік өкілдері бар күш-жігерін жұмылдыруы керек. Сонда ғана мемлекетіміздің қазіргі даму үлгісін түбегейлі өзгерте аламыз, кедергінің бәрін жеңеміз.
Әділетті Қазақстанды құрамыз десек, саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек. Онсыз басқа жұмыстың бәрі бекер. Мен бұл туралы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында нақты айттым.
Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады.
Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың "Толық адам" ілімінен бастау алатын "Адал азамат" тұжырымдамасының түпкі мәні – осы.
Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды. Жолдаудың басқада бөлімдерімен таныстырылды.
Жиналыста сонымен қатар кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа ЖПҚб ЮПТ полиция лейтенанты Манызқызы Арна, полиция қызметкерлері Омарова Динара, Майнусов Айдос, аудандық білім бөлімінің әдіскері Метеркулова Сәуле Абдибаевна қатысты. Мектеп директоры Н.Сейсенбаевна күн тәртібін таныстырып берді.
Жиналыс барысында ата – аналарға аудандағы болып жатқан әртүрлі келеңсіз жағдайларды айта отырып, толық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға Заң талаптарының орындалуын, оқушылардың құқықтары мен міндеттерін сондай-ақ, оларға күтім жасау және күтіп бағу жөніндегі міндеттерінің орындауларын, ол орындалмаған жағдайда он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын жеткізді. Кәмелетке толмағандардың түңгі уақытта заңды өкілімен, ата – аналарынсыз жүруіне сағат 22:00 ден таңғы 06:00 дейін ойын – сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде жүрмеулерін, кешке кафе, ойын сауық орталықтарында балаларының жұмыс жасамауын айтты. Ондай жағдайда үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынындығын ескертті. Жиналыста оқушылардың сабақтан себепсіз қалуы, яғни ол 10 күннен артық қалған жағдайда айыппұл төленетінін ескертті. Сонымен қатар кибербуллинг-бопсалау, оқушылардың ұялы телефонды дұрыс пайдалану, басқа біреудің суретін жүктемеу, олардың достарымен қарым – қатынасын қадағалауларын айтты. Мектепке гидроскутер, мопед т.б. электронды көліктермен келмеулерін, кәмелетке толмаған балаларға рұқсат жоқ екенін және оған хаттама толтырылып,айыппұл салынатынын ескертті. Мұғалімдерге дөрекі сөздер айтып, балағаттаса да әкімшілік айыппұл салынатынын жеткізді.
Мектебіміздің директордың тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары Н. Анисова оқуш Мектебіміздегі оқушылардың мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, былтырғы киген үлгідегі сұр түсті классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырылмай түстерді араластыруға рұқсат етілетінін ескертті. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалды.
Мектептің ата-аналар комитеті және қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б.Мұзарапов ата-аналармен келісе отырып, барлығы бірауыздан мектеп формасы былтырғы оқу жылында киген сұр түсті киім жалғастырылады.
Мектеп формасы қара көк түсті мен сұр түсі сақталады.
Ұлдардың мектеп формасы: сұр көк түсті Бомбер жемпір, жилет, қара көк түсті шалбар, мерекелік ақ түсті күнделікті жейде.(Костюм шалбар еркіне қарай) Ұлдарға арналған шалбар классикалық үлгіде, еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы: қара көк түсті белдемше, тізенің үстінде, (юбка) жилет, кардиган Бомбер жемпір, күннің суықтығына қарай қара көк түсті классикалық шалбар. 2023-2024 оқу жылында осы мектеп формасының сақталатыны туралы айтып өтті.
Мектеп формасын сақтамаған оқушылар бар болған жағдайда олардың ата-анасына немесе заңды өкіліне Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалатындығы жайлы жазбаша хабарланатыны жайында айтып өтті. Мектеп әкімшілігі тарапынан мектеп формасын сақтамаған оқушылардың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғау үшін Департаментке жазбаша жолданатыны жайында түсіндірді. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтынын түсіндірді.
2023-2024 оқу жылында аз қамтылған отбасындағы оқушылары оқулықпен қамтамасыз етілді. Жыл сайын мектеп кітапханашылары оқулықтарды тегін пайдалануға ең бірінші болып, жетім балалар, жартылай жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер отбасының балалары оқулықтармен қамтылды.
Жиналыс барысында мектеп ата – аналар төрағасы мен ата – аналар комитеті құрамы сайланды. Ата – аналар төрағасы болып М. Шалабаев, ата – аналар комитеті құрамына А. Ордабаева, Ли Оксана, З. Оразбаева, М. Қойбағарова, С. Рузиев, Ж.Сыдыкова, Г. Оразалиева, Н. Төлегенов, Ж. Боранбаева болып сайланды.
Шешімі:
1. 2023 – 2024 оқу жылында біртұтас тәрбие бағдарламасындағы ұлттық мүдде, ар – ұят, талап құндылықтарын басшылыққа алып, жұмыс жасау.
2. Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» жолдауымен оқушыларды, ата – аналарды таныстыру.
3. Жарақаттанудың алдын алу бойынша «Жол жүрісі қағидаларын білу-қауіпсіздік негізі» жол көлік оқиғасының алдын алу бойынша жұмыстар жасау.
4. Мектептің ішкі тәртібін қатаң бақылауда ұстау.
5. Оқушылардың оқулықпен қамтылуын бақылауда ұстау, 100 пайыз қамту.
6. Мектеп оқушыларының міндетті мектеп формасын қатаң бақылауда ұстау.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=1035558600804478&set=pcb.2003850923325518