09
апрель
2022
5-сыныптың ата-аналары мен педконсиулим өткізілді.
Бүгін, 9.04 күні Владимир Савва атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 5-сыныптың ата-аналары мен педконсиулим өткізілді.
Педконсилиум – ата-аналар мен мұғалімдер байланысының ерекше формасы.
3- тоқсан қорытындысымен ата-аналар мен ұстаздар арасында педконсилиум болып өтті. Алдымен барлық сыныпта ата-аналар жиналысы өтіп, 3 тоқсан бойынша балаларының оқу үлгірімімен танысты. Белгілі бір пән бойынша сұрақтары бар ата-аналар өз балаларына сабақ беретін пән мұғалімдерімен жүздесіп, олардың білім деңгейі, әр жазба жұмысының нәтижелері мен тоқсан қорытындылары, мінез-құлқы туралы пікір алысты. Ұстаздар өз тарапынан алдына келген әр ата-ананың сұрақтарына жауап беріп, баласының сабаққа ынта-ықыласы, қызығушылығы, жауапкершілігі т.с.с. мәселелер туралы пікірлерін білдірді. Ата-аналар проблемалық мәселелері, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап тапты.
Екіжақты түсінушілікпен өткен педконсилиум оқушылардың білім-білік дағдыларын жетілдіру мақсатына құрылды. Ата-аналар ерекше формада ұйымдастырылған шараға ризашылықтарын білдіріп қайтты.
Күн тәртібі:
1. Педконсилиумға жиналған ата-аналар мен 5-сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдеріне жиынның мақсатын таныстыру
Мектеп директоры Б.Т.Қыстауов
2. 5-сыныптар арасында III тоқсан білім сапасының қорытындысы.
Е.Литвинова
2. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары, әлеуметтік желілердің зияны.
А. Бауыржанұлы
3. Салауатты өмір салтын құру.
А.Мухтанова