20
октябрь
2023
Зорлық – зомбылықтың (булинг,кибербулинг, интернет қауіпсіздігі) алдын алу
Меркі ауданы прокуратурасының прокуроры Х.Ажимбеков, Меркі
АПБ бастығының орынбасары полиция майоры Т.Сейтжан, Меркі АПБ ЖПҚб
УПИ полиция майоры Б.Халықов, Меркі АПБ КПБ полиция майоры
Р.Оспанов, Меркі АПБ-нің КТІЖ учаскелік полиция инспекторы
А.Маңызқызы, Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімнің бас маманы
Д.Күздеубай, мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, 8-9 сынып оқушылары.
Кездесу барысында зорлық – зомбылықтың (булинг,кибербулинг,
интернет қауіпсіздігі) алдын алу бойынша бірқатар ережелермен таныстырды.
Оқушыларға жол ережесін бұзушылықтың және жол апаттарының көп орын
алып жатқанын, электр самокаттар қауіпті екендігін, осындай құқық
бұзушылықты болдырмау үшін оқушыларға әкімшілік хаттама
толтырылатыны туралы атап көрсетті. Сонымен қатар құқық
бұзушылықтың,қылмыстың түрлерінің көбею себебтері және оның алдын алу
бойынша қандай әрекеттер жасау керектігі туралы толық
ақпарат беріп өтті. Қазіргі жаңа Қазақстанның болашағы осы жастар екені
және ол жастар дені сау мәдениетті, оқыған болуы керек деп толықтырды.
Оқушылардың мектепке қымбат ұялы смартфон телефондарын алып келуін
бақылауға алып, пәндерге керек кезде ғана пайдалануды ұсынды. Себебі
қымбат ұялы телефон жоғалған кезде құқық бұзушылық анықталып,
қылмыстық іс қозғалатыны айтылды. Оқушылардың мезгілсіз уақытта тиым
салынған орындарда жүруі және тойханаларда жұмыс істеуі әкімшілік хаттама
толтырылып, ата-аналарына айыппұл салынатыны туралы түсіндіріп өтті.