30
ноябрь
2022
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн науқаны»
Ағымдағы жылдың 29 қараша күні Мұхтар Әуезов атындағы білім беретін мектеп-лицейінің акт залында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою халықаралық күрес күніне орай 25 қараша-10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн науқаны» барысында «Зорлық-зомбылық қоғам қасіреті, ал оны тоқтату әрқайсымыздың қолымызда» тақырыбында 9-11-сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
Кездесуге Меркі аудандық полиция бөлімінің полиция майоры – Д.Т. Омарова және А.Оразбаева, Меркі аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету орталығының психологы – Ә.Ширинхан және әлеуметтік консультант – Ж.Нурманова, «Жастар ресурстық орталығының» психологы – Г.Катекова мен А.Шайқымазақ, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Ж.А.Иманбаева қатысты.
Кездесудің мақсаты: балаларды қатыгездікпен және немқұрайлықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Кездесу барысында оқушыларға тақырып аясында видеороликтер көрсетіліп, жағдаяттық оқиға айтылып, олардың пікірлері тыңдалды.