Эксперименттік алаң » Страница 8 » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
«Адам денсаулығына экологияның әсері» атты экологиялық сағат
15
октябрь
2024
«Адам денсаулығына экологияның әсері» атты экологиялық сағат
Қазанның 14-ші жұлдызында 5 «б» сынып оқушыларымен бірге «Адам денсаулығына экологияның әсері» атты экологиялық сағат өткізілді. Сабақтың мақсаты: экологияның адам денсаулығына тигізетін әсерін түсіндіру. Оқушыларға қоршаған ортаның ластануы мен адам ағзасының байланысын ашып көрсету.Оқушыларды табиғатты қорғауға, экологиялық мәселелерді шешуге атсалысуға шақыру.♻️🌍🌱
«Климаттың өзгеруі» тақырыбында экологиялық тәрбие сағаты
14
октябрь
2024
«Климаттың өзгеруі» тақырыбында экологиялық тәрбие сағаты
2024 жылдың қазан айының 14 күні 9 «А» сынып оқушыларымен бірге «Климаттың өзгеруі» тақырыбында экологиялық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға климаттың өзгеруінің себептері мен салдарын түсіндіру, экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру.♻️🌱🌏
Лазерлік және фотондық технологияларға негізделген өнім
26
июнь
2024
Лазерлік және фотондық технологияларға негізделген өнім
Лазерлік және фотондық технологияларға негізделген өнім Ағымдағы жылы мектеп- лицейіміз  Ө.А. Джолдасбеков атындағы механика және машинатану институтымен келісім меморандумына отырған болатын.  Аталған меморандум аясында институттың ғылыми қызметкерлерінің басшылығымен мектебіміздің эколог мамандары лазерлік және фотондық технологиялар бойынша шалғам өнімін жылыжайға екті.  Мектебіміздің эколог мамандарының бақылауының нәтижесінде егілген өнім өз жемісін берді.
Мектеп ауласын көгалдандыру
05
июнь
2024
Мектеп ауласын көгалдандыру
2024 жылдың 5 маусымында Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі жанындағы жылыжайда қияр өнімін жинау, тазалық  жұмыстары жүргізілді.8 "Б" сынып оқушылары мектеп жоспарына сәйкес мектеп ауласын және жылыжайда көгалдандыру жұмыстарымен айналысты. Еңбек баланың өміріне қажет, жастайынан баланы еңбекке баулу арқылы оның бойында қоршаған ортаға деген жақсы көзқарасты қалыптастыруға болады.
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 2023-2024 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың жылдық есебі
03
июнь
2024
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 2023-2024 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың жылдық есебі ​https://www.facebook.com/100043789004964/videos/7526326067487054/​​​ 
"Экология - табиғат жүрегі" тақырыбында дебат турнирі
16
май
2024
"Экология - табиғат жүрегі" тақырыбында дебат турнирі
2024 жылдың 15 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, таным-түсініктерін нығайту мақсатында "Экология -табиғат жүрегі" тақырыбында дебат турнирі өткізілді.Турнир барысында фракциялар өздеріне берілген қарар аясында нақты аргументтер келтіру арқылы өз позицияларын жүйелі түрде қорғай білді. Жеңімпаз фракциялар жүлделі орындармен марапатталды.
Эксперимент барысы өз нәтижесін беруде
13
май
2024
Эксперимент барысы өз нәтижесін беруде
Эксперимент барысы өз нәтижесін беруде 2024 жылдың 2  мамырында егілген қызанақ, шалқан және бидай өнімдері 13 мамыр аралығында өз нәтижесін беруде.Педагог-экологтар егілген өнімдерді күтіп баптау жұмыстарын жалғастырып, бақылауда.
Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясындағы форум
25
апрель
2024
Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясындағы форум
Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясындағы форум ♻️2024 жылдың 25 сәуірінде Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясындағы форум өтті.  ♻️ Форум барысында «Жасөспірімдермен қарым-қатынас ерекшеліктері» тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау сабағы өткізілді. Аталған сабақ барысында "Эковолонтер" еріктілер тобы жұмыс жоспарымен таныстырып, оқушылар мектеп жанындағы жылыжай жұмыстарын көрсетті.