Тіл керуені жобасы

Мектебімізде бүгін 7.11 қараша күні "Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын басшылыққа ала отырып, "Шабыт" жобасы аясында өзге ұлт өкілдерінің білім алушыларымен өткізілген "Тіл-тәуелсіздік тұғыры тақырыбында" іс-шара өткізілді.

Мақсаты: Мемлекеттік тіл-Қазақ тілін құрметтеуге, қастерлеуге, Отанды сүюге баулу.

Тіл керуені жобасы үлкен төрт бағыттан тұрады. "Ән шырқайық" бағытында қазақ тілінде қазақ композиторларының әнін орындау, "Театр және балалар" жобасында көрініс. "Кел, сурет салайық" бағытында өздері табиғат көрінісін қағаз бетіне түсіріп, қазақ тілінде сипаттап айтып береді және мәнерлеп өлеңдер оқу.

Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін құрметтеп, үйреніп жүру, қызмет жасауы-еліміздің жарқын болашағына қосқан үлесі.Тіл -адамның жүрегіне жететін ең қысқа жол. Тіл-халықтың тарихы, мәдениеті, өркениеті бар рухани қазынасының алтын сандығы. Қазақ тілін үйрену-жаңа әлемге есік ашу. Тілді құрметтеу-осы елді құрметтеу. Оқушылар Абай, Маржан өлеңдерін жатқа оқып, Алаш арыстарының сөздерін жатқа жеткізді. Абайдың "Сегіз аяқ" өлеңін мектебіміздің дарынды оқушысы Омар Бедерхан әсем қоңыр даусымен жеткізе білді...
Бұл іс-шараның маңызы өте зор... Мектебіміздің орыс сыныптарына қазақ тілінен сабақ беретін ұстаздарға үлкен рақмет. Жетекшісі- М Мушенова...





