18
октябрь
2024
«Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем»
17.10.2024 ж күні 25 қазан – Республика күніне орай «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» тақырыбында мектеп кітапханашылары көрме ұйымдастырды.Көрмеге 7-8 сынып оқушылары қатысты.
Мерекелер күнтізбесіне енген 25 қазан кездейсоқ таңдалған жоқ. Дәл сол күні 1990 жылы "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан құжат болатын.
Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Сонымен қатар алғаш рет ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысты қалыптастыру әрі нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді.
Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу