02
декабрь
2024
Ашық есік күні
2.12.2024 жылы Меркі ауданы Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – лицейінің 9 сынып оқушылары №9 Меркі колледжінің кәсіптік бағдар беру мақсатында, «Сенің мамандығың – сенің келешегің» тақырыбында өткен, ашық есік күніне қатысты.
Мақсаты: Оқушылардың мамандық әлемі және оның ерекшіліктері туралы дүниетанымын кеңейту; мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт – бағдар беру.
Кездесу барысында колледжде оқытылатын мамандық түрлерімен кеңінен таныстырды. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оған жауаптар алынды.

