Ақпарат
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп - лицейінің 9 сынып оқушылары кәсіптік бағдар жұмыстары жүргізуге бағытталған жылдық жоспарға сәйкес жеке кәсіпкер «Қабылбек» мал шаруашылығы мен жеке кәсіпкер ірімшік, құрт шаруашылығына экскурсияға барды.
Мақсаты: оқушыларға мамандық ұғымы, мамандық түрлері туралы ой – өрістерін кеңейту, мамандықтың адам өміріндегі маңызы, мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті талап ететіндігі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Кездесу барысында оқушылар кәсіпкерлер Мамутова Илья, Досмаилов Бауыржан ірімшік – құрт жасауды, мал шаруашылығымен, айналасу үшін үлкен жауапкершілік, табандылық, еңбекқорлық адалдық керек екенін айтты. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
