30
сентябрь
2025
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні
30.09.2025 жылы Меркі ауданы Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 9 сынып білім алушылары №9 Меркі колледжінің кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырған «2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» кәсіби мерекесінің ашық есік күніне қатысты.
Мақсаты: білім алушылардың мамандық әлемі және оның ерекшіліктері туралы дүниетанымын кеңейту; мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт – бағдар беру.
Кездесу барысында колледжде оқытылатын «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша), «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» (түрлері бойынша) мамандық түрлерімен кеңінен таныстырылды. Білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қызығушылық танытылды. КББ: А.Байкулова, Ж.Иманбаева