«Әскери оқу орындары және әскери қызмет туралы»
“Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 11.03.2026 жылғы №437 хатына сәйкес, 2026 жылы 12 наурыз күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейімізде Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының атыс қаруын дайындау кафедрасының аға оқутышысы полковник Бектуров Закир Онгалович, Меркі ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімше бастығы лейтенант Кудабаев Ержан Сауранбекович және ауданымыздың 10-11 сынып білім алушыларымен «Әскери оқу орындары және әскери қызмет туралы» атты кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – жастарды әскери қызметтің ерекшеліктерімен таныстыру, бұл мамандықты таңдаудағы негізгі талаптар мен қызметтік тәртіптің маңызын түсіндіру, сондай-ақ құқық қорғау саласындағы кәсіби жол туралы кең ақпарат беру. Институттың басты мақсаты — Құрлық әскерлері құрамында қызмет ететін жоғары білікті офицерлік кадрлар даярлау. Ол Қазақстан Қарулы күштерінің заманауи талаптарына сай әскери білім берумен қатар, тактика, басқару, әскери техникалар мен логистика бойынша да терең білім береді. Маңыздылығы: жастардың кәсіби бағдарын айқындауға және заң мен тәртіпке құрметін арттыруға ықпал етеді. Жауапты: АӘД Байтубаев Ж. КББ педагогтары Ж.Иманбаева, А.Байкулова.