Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі
2026 жылы 14 сәуір күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейіміздің 9 сынып білім алушыларына Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің білікті мамандары кездесу өткізіп, оқуға түсуге үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Колледждің негізгі мақсаты – аймақ экономикасына қажетті бәсекеге қабілетті, заманауи мамандар даярлау болып табылады. Колледжде әртүрлі бағыттар бойынша білім беріледі:
📌 Педагогикалық бағыт
- Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру
- Бастауыш білім беру педагогикасы
- Дене шынықтыру және спорт
📌 Экономикалық және құқықтық бағыт
- Есеп және аудит
- Банк және сақтандыру ісі
- Құқықтану
📌 Техникалық және IT бағыт
- Бағдарламалық қамтамасыз ету (IT)
- Электрмен жабдықтау
- Автокөлікке қызмет көрсету
- Құрылыс және ғимараттарды пайдалану
- Дәнекерлеу ісі
📌 Өндірістік-технологиялық бағыт
- Химия технологиясы
- Тамақ өндірісі (нан, кондитер өнімдері)
Оқу мерзімі
- 9-сыныптан кейін: 2 жыл 10 ай – 3 жыл 10 ай
- 11-сыныптан кейін: 1 жыл 10 ай – 2 жыл 10 ай
Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі – білім беру сапасы жоғары, әртүрлі салалар бойынша маман даярлайтын оқу орны. Бұл колледжді таңдаған студенттер еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптерді меңгеріп шығады. Жауапты: КББ педагогтары Ж.Иманбаева, А.Байкулова.


