Ақпараттану, байланыс және технологиялар колледжі
2026 жылы 01сәуір күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейіміздің 9 сынып білім алушыларына Тараз қаласы «Ақпараттану, байланыс және технологиялар колледжі» мекемесінің білікті мамандары кездесу өткізіп, оқуға түсуге үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. «Ақпараттану, байланыс және технологиялар колледжі» — бұл Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі. Колледждің негізгі мақсаты – ақпараттық технологиялар, байланыс және телекоммуникация салаларына білікті мамандар даярлау.
Колледжде келесі бағыттар бойынша білім алуға болады:
- Ақпараттық жүйелер
- Бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника және байланыс
- Есептеу техникасы және желілер
- Телекоммуникациялар
«Ақпараттану, байланыс және технологиялар колледжі» – қазіргі заман талабына сай мамандар дайындайтын, студенттерге сапалы білім мен кәсіби даму мүмкіндігін ұсынатын оқу орны. Жауапты: КББ педагогтары Ж.Иманбаева, А.Байкулова.

