26
февраль
2026
№9 Меркі колледжі
2026 жылы 26 ақпан күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейімізге №9 Меркі колледжінің кәсіптік бағдар беру мамандары келіп, 9 сынып білім алушыларымен кездесу өткізді. Колледж өңір жастарына түрлі мамандықтар бойынша кәсіби білім беріп, еңбек нарығына білікті мамандар даярлайды.
Колледжде әдетте төмендегідей бағыттар бойынша білім беріледі:
- Ауыл шаруашылығы мамандықтары
- Техникалық мамандықтар
- Қызмет көрсету саласы
- Ақпараттық технологиялар (кейбір жылдары)
Кездесу барысында колледжде оқытылатын «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша), «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» (түрлері бойынша) мамандық түрлерімен кеңінен таныстырылды. Білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қызығушылық танытты. КББ: Ж.Иманбаева, А.Байкулова


