DULATY COLLEGE
2026 жылы 15 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 9 сынып білім алушыларына М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті жанындағы колледжінің білікті мамандары кездесу өткізіп, оқуға түсуге үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Колледждегі негізгі мамандықтар мыналар:
- Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері)
- Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері мен салалары бойынша)
- Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
- Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)
- Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)
- Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару (бейіні бойынша)
- Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу
- Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)
Бұл мамандықтар бойынша студенттер теориялық біліммен қатар тәжірибелік дағдыларды да меңгереді. Колледжде өндірістік тәжірибе, зертханалық жұмыстар және кәсіби практика ұйымдастырылады.
Студенттерге мемлекеттік стипендия тағайындалады. Стипендия білім алушылардың оқу үлгеріміне және академиялық жетістіктеріне байланысты беріледі. Мемлекеттік грант негізінде оқитын және емтихан сессиясын жақсы немесе үздік нәтижемен тапсырған студенттер ай сайын шәкіртақы алады. Жатақханамен қамтылған. Оқу орны студенттерге сапалы білім берумен қатар, олардың кәсіби және тұлғалық дамуына жағдай жасап, бәсекеге қабілетті маман қалыптастыруға бағытталған. Колледжді бітірген студенттер білім беру бағдарламалары бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде 2-ші курстан бастап білім алу мүмкіндігіне ие. Жауапты: КББ педагогтары Ж.Иманбаева, А.Байкулова.

