08
апрель
2022
«Дәстүрлі емес сурет салу тәсілдері »атты шебер сынып өткізілді
Владимир Савва атындағы № 9 жалпы білім орта мектеп лицейінде 08.04.2022ж күні
Мектепалды даярлық сынып мұғалімдері арасында «Дәстүрлі емес сурет салу тәсілдері »атты шебер сынып өткізілді
Анықтама
Тақырыбы: «Дәстүрлі емес сурет салу тәсілдері»
Мерзімі: 08.04.2022ж
Осы күні мектепалды даярлық сынып мұғалімдері Усенбаева Ш,Бутабаева А «Дәстүрлі емес сурет салу тәсілдері » атты бастауыш сынып мұғалімдеріне шебер сынып өткізілді.Шебер сыныпқа 15 мұғалім қатысты. Тақырып мақсаты:балалардың шығармашылық қабілеттерін дәстүрлі емес сурет салу арқылы дамытып,дәстүрлі емес сурет салу әдістерді пайдалану арқылы сурет салуға деген қызығушылықтарын,дүниетанымын,эстетикалық талғамын кеңейту мақсатында мұғалімдерге түсіндірме жұмыстары жасалды. Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлерінің ішінде көкөніс бастырмасы,жіп графикасы,бір басылымды сурет(монотипия),граттаж сияқты сиқырлы әдіспен сурет салуға болатындығы көрсетелді.Шебер сынып барысында мұғалімдерге түрлі тапсырмалар беріліп, осы тақырып бойынша өз түсінгендерін ашық жеткізді.Қорта келе мұғалімдер балаларға алдағы уақытта дәстүрлі емес тәсілдерді қолданамыз деген шешімге келді.Шебер сынып соңында ұстаздар кері байланыста болып,қызу талқыға түсті.