18
апрель
2022
«Туған жердің туын биіктеткен тұлға»
«Туған жердің туын биіктеткен тұлға» тақырыбында 7ә сыныбында сынып сағаты өткізілді
Қоғам қайраткері Асанбай Аскаровтың 100 жылдық мерей тойына байланысты ұлы тұлғаның өмірі мен тарихын, ақын жазушылық жолындағы шығармашылық еңбегін айта отырып жасөспірімдерге, оқушыларға ерен еңбегін өнеге ету максатында сынып сағаты ұйымдастырылды.
Биік таудың төбесі, асқар шыңы алыстаған сайын жақсы көрінеді деуші еді. Асекеңнің Ұлы тұлғасы өзі өмірден өткен соң күн сайын ұлыланып бара жатқаны рас. Дегенмен, Асекең - тірі кезінде ақ аты аңызға айналған, халқының адал бағасын алған, шексіз құрметіне бөленген адам. Өйткені Асанбай Асқаров - Алаштың алыбы, қазақтың арысы, ұлттың намысы, елдің ары мен абыройы еді. Қайталанбас біртуар дара тұлға, дана тұлға еді. Асанбай ағамыздың осы дана, дара тұлғасы жас ұрпақтың, халқының есінде мәңгі сақталатыны туралы ой қорытындыладық.
Шығармалары мен еңбектерін айтып өте отырып 4 томдық кітабы туралы оқушыларға түсінік берілді. Кітапханадан осы ұлы тұлғаның әдеби шығармалар жинағын алып оқуға кеңестер берілді. Өз еліміздің тумасы, бір туар азаматы Асанбай Аскаровтың ұлы еңбектері мен ұрпаққа жасаған азаматтық мұрасын жас ұрпақ бойында сақтауды өсиет еттік.