06
апрель
2021
"Өлең өнердің үздігі, жыр жұлдызы"
В.Савва атындағы ЖОББМ-лицейi кітапханасында "Өлең өнердің үздігі, жыр жұлдызы" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы қарсаңында өнегелі өмірі мен өнерпаздық мұра-мирастары кеңес дәуіріне дейінгі және кейінгі кезеңдері арқылы жан-жақты зерттеліп зерделенуде. Өлең-өнердің үздігі, жыр жұлдызы Жамбылдың ой мен сөзден сомдалған бөлек болмысы, дара дарынға тән талант қуаты мен даналық мәйегі туралы ұстаздары мен тұстастары, көрнекті қаламгерлер мен әдебиеттанушы ғалымдар әр кез-ақ айтып, жазған-ды.
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз - 27 наурыз 1976, Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Ақынның көптеген өлеңдері заманауй стильде, көптеген әншілер орындап келеді.