31
январь
2020
«Ұлы халықтың –Ұлы Абайы»
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде «Ұлы халықтың –Ұлы Абайы» тақырыбында өткізілген іс – шараның анықтамасы
Елбасымыздың: «Абай өзінің туған халқымен мәңгі – бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», - деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады. Елімізде халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін аранайы жұмыстардың басталып кеткені барашамызға белгілі. Жоспарланған іс – шаралар ой – өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін жасалуда. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «2020 жыл Әл – Фарабидің 1150 жылдығы, А.Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына жоспарланған іс – шаралар жалғасын табады», - деп атап көрсеткендей, мектебімізде 25.01.2020 жылы «Ұлы халықтың Ұлы ақыны» тақырыбында үлкен іс – шара өткізілді. Бұл іс – шараға мектебіміздегі пәндік әдістемелік бірлестігі қатысып, Абай шығармаларынан көріністер қойып, қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқыса, әндерін нақышына келтіріп орындады. Байқауға аудан әкімінің орынбасары Қасым Марат Жарылқасынұлы, сарымолдаев ауылдық округінің әкімі Бабижанов Сәбит Әбілғазыұлы, аудандық білім бөлімінің кәсіподақ төрайымы Асанжанова Мадина Болысбекқызы, мектебіміздің қамқоршылық ұйымының төрағасы Музарапов Бахтияр мырза қатысып, төарағалық жасады. Әр бірлестік Абай рухына тағзым жасай отырып, үлкен жауапкершілікпен дайындалды. Абай әндері қанша қайталанып жатса да, оның сөздерін жүрекпен тыңдап, үлкен әсер алды. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан нағыз актерлар сияқты үзінділер қойып, қара сөздерінің мағынасына терең үңілді. Жүлделі орындарға мектеп директоры Б. Қыстауов мұғалімдерге керекті магниттік – маркілі тақталар, кеңсе заттарын сыйлыққа қойды. Бас жүлдені бастауыш бірлестігі иеленді. Сенбі күнгі бүгінгі іс – шарадан барлық әріптестер демалып, үлкен әсер алып қайтты. Мектеп директоры бүгінгі эстафетаны мектебіміздің дарынды оқушыларына табыс етті. Демек, Абайға арналған іс – шараның әлі жалғасы бар деген сөз.