13
февраль
2020
"Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" атты тақырыпта іс- шара
Владимир Савва атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде бүгін 12.02 күні 5-6-7 сыныптар арасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" атты тақырыпта іс- шара өткізілді. Мақсаты - Ұлы Ақынның өнегелі өмірімен, асыл мұраларымен таныстыру болатын. Бұл өлеңдер эстафетасын оқушылар, мұғалімдерден кейін жалғастырып отыр. Оқушыларымыз - Абай қарасөздерін, өлеңдерін жатқа оқып, Абай шығармалары - үлкен тәрбие мектебі екенін түсінді. Себебі, Абай өлеңдері - жастарды білімге, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелейтініне тағы да көз жеткізіп отырмыз. Бүгінгі, Абай өлеңдерінің эстафетасы, бастауыш буын оқушыларына берілді.....