27
апрель
2022
«Маған өмір қымбат!»
«Маған өмір қымбат!» тақырыбында «6 А» сыныбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының негізгі мақсаты оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету, оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру, өмірге құштарлықтарын дамыту, өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында сынып жетекшісі оқушыларға адам баласы үшін ең қымбат нәрсе - өмір екені түсіндірді.
Адам үшін ең қымбат нәрсе – ол оның өмірі. Сондықтан, өз ӨМІРІҢДІ бағалай біліуің керек. Әрине, қасындағы адамдарды, жақындарыңды, туыстарыңды, әріптестерің мен достарыңды, құрбыларың мен көршілеріңді, таныстарың мен өмір жолында кездесетін әрбір тірі жанды сүю қажет, бұл өте маңызды екендігін атап өттік.
Оқушылар бұл өмірдің қаншалықты маңызды екені жайды постер жасап, оны қорғап шықты.
Бүгінгі тәрбие сағатын Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен қорытындылады.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса,ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса,шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.