05
май
2022
Байқаудың жеңімпазын құттықтаймыз!
Ағымдағы жылдың сәуір айында мектепке дейінгі ұйымдардың шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерін қолдау және ынталандыру, тәжірибені және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін жетілдіру арқылы кәсіби құзыреттілікті арттыру мақсатында өткізілген облыстық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» атты байқауы өткізілді.
Байқау келесі негізгі блоктардан тұрды:
1. Педагогтың Е-портфолиосын зерделеу;
2. «Мен- педагогпын» онлайн сұхбат алаңын ұйымдастыру;
3. «Балалармен өткізген қызықты сәт» бейнеролигін қарау;
Облыстық байқауға мектебімізден мектепалды даярлық сынып педагогы Наяткадаева Гаухар Ерболқызы қатысып, жоғарыда аталған байқау кезеңдері бойынша шығармашылық жұмыстарымен бөлісіп, жоғары ұпай жинап, жүлделі III орынды иеленді.
Жеңімпазымыз Гаухар Ерболқызын шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!