16
май
2022
«Жол ережесінің қауіпсіздігі»
1. 2022 жылдың 25 сәуір – 25 мамыр аралығындағы мектеп оқушылары арасында «Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты айлығының іс-шаралар жоспарына сәйкес № 9 ЖОББМЛ 6-7 сынып оқушылары арасында жол көлік оқиғасын алдын алу және жол көлік оқиғасынан болатын жарақаттануды төмендету бағытында «Жас реттеуші» жарысы ұйымдастырылып өткізілді. Жарыстын ережесі құрылып, мектеп дирокторымен бекітілді. Жарыс екі турдан өтті. Біріншісі «Жас велосипед жүргізушісі», екіншісі «Жас реттеуші». Қатысушылар уақытқа велосипедпен кедергілерден өтті және реттеушінің міндеттері бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.Жарыстын қоытындысы бойынша бірінші орынға ие болған 7 «Г» сынып оқушысы Мамедов Ахмед, екінші орын – 6 «Ә» сынып оқушысы Жапарберген Әнес, үшінші орын – 6 «А» сынып оқушысы Жеңісхан Жалғас.
2. 2022 жылдың 25 сәуір – 25 мамыр аралығындағы мектеп оқушылары арасында «Жол ережесінің қаупсіздігі» атты айлығының іс-шаралар жоспарына сәйкес № 9 ЖОББМЛ жанындағы бағдаршам немесе жаяу жүргінші жолақтарда «Жас жол қозғалысы инспекторы» жасағының күшімен кезекшілік ұйымдастырылды.