16
март
2021
Қазақ әдебиеті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығынан жоба
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес Владимир Савва атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде орыс сыныптарының 5-9 сынып оқушылары арасында қазақ әдебиеті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығынан жоба қорғау байқауы өтті. Жобаға он бес оқушы қатысты. Байқау екі кезеңнен өтті. Бірінші кезеңінде оқушылар қазақ әдебиеті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын таныстырды. Ал екінші кезеңде шығармасынан үзінділер мен өлеңдер оқыды. Өзге ұлт болса, мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы жақсы білетіндіктерін көрсетті. Шығармаларын да нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. Байқауда оза шапқан жүйріктер арасынан 6 «Г» сынып оқушысы Кадирова Милана I орын, 6 «Г» сынып оқушысы Джульфаева Севилья ІІ орын , 8 «Г»сынып оқушысы Мададова Наргиза ІІІ орын иеленді. Қатысқан қалған оқушылар Алғыс хатпен марапатталды.