17
май
2022
Меркі тарихына саяхат.
Бүгін 12.05.2022 ж. мектеп оқушыларымен ауданымыздың тарихи, көне, танымал жерлеріне саяхат жасадық.
Мақсаты- балаларымызға Меркі өңіріндегі тарихи, көне жерлерін таныстыру болатын.
Биыл балалар жылы. Балаларға көңіл аудару, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын арттыру, біздің міндетіміз. Мектептің
тарих пәнінің мұғалімдері мен ерікті ата-аналардың көмегімен Меркі өңірінің тарихи жерлеріне саяхат ұйымдастырылды.
Тарих пәнінің мұғалімдері Садыков Е.Е, Сейтова А.П, Бердиев Д.С. деректермен таныстырды.
Тарихи саяхатқа 7-8 сыныптан жалпы саны 40 оқушы қамтылды. Алғашқы бағыт ерте темір дәуіріне қарасты обалар орны болды. Меркі петроглифтеріне барып, оқушылар бұл тастардың ерте темір дәуірінде қалыптасқанын және ондағы ежелгі адамдардың өздері табынған жануарлардың арба, аңшылық, Пен соғыс ісіне байланысты бейнелер кездесетінін білді.
Келесі тарихи орын - Ботбай баба кесенесі болды. Мұнда балалар ескерткіш кесенесін 2014 жылы Ботбай батырдың құрметіне арнап салынғанын білді. Оқушылар бүгінгі саяхаттан тарихи кұнды мәліметтер алып, аса қызығушылық танытты. Экскурсия балалар үшін көңілді болды.....