«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» тарихи нысандарды аралау экспедициясы » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» тарихи нысандарды аралау экспедициясы
06
ноябрь
2018

«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» тарихи нысандарды аралау экспедициясы

Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласын ілгерілету мақсатында тарихи нысандарды аралау экспедициясы

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын ілгерілету мақсатында «Туған жер» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 22 қыркүйек күні Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім мектеп-лицейінің 42 оқушылары, 6 жетекшісімен Тараз қаласының тарихи жерлерінің нысандарын көрсетуге, таныстыруға апарылды. Елбасымыздың салиқалы саясаты «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласы негізінде Тараз қаласының көне және жаңа жерлеріне саяхат жасап, көз тоймайтын керемет тарихи орындармен таныс болды. Ең алдымен Көне Тараз қаласына жеткен соң таңғы ас ішіп,Тараз жеріндегі тылсымға толы «Мәңгілік ел» саябағына апарылды.Онда мұражай қызметкерлері экспонаттармен таныстырып өтті. Және сол жердегі мұнарамен әртүрлі пішіндегі балбал тастармен, сол орталықталықтағы әртүрлі пішіндегі гүлдерден жасалған бұйымдармен таныстырылды. Онан соң, сол жердегі музейді тамашалады. Шынында өте керемет! Тіпті сөз жоқ дерсің! Ұлы ғұламардың мүсіндерін, әр елдің теңгелерін, киген киімдерін, пайдаланған әртүрлі ыдыстарын, құрал-жабдықтарын және ат әбзелдерін, осы заманда пайда болған тарихпен байланысты негізгі идеялы суреттері мен көне тастарын, қыз келіншектер қолданған әшекей бұйымдармен тағы да басқа заттарды көзбен көрді. Сонымен қатар, Абай атындағы театрдағы «Маленький мук» атты мюзикл көрермені болды.
Бүгінде, қаладағы Көк базар орны сүріліп, археологиялық жұмыстары жүргізілуде. Көне қала орнынан көптеген жәдігерлер табылған. Оқушылар осы археологиялық жұмыстармен таныс болды. Атап айтсақ: тұрмыстық заттар, әшекей бұйымдар, қыш ыдыстар, тағы басқалары... Табылған заттардың барлығы қайта өңдеуге беріліп, сонан соң музейге қойылған. Ал осыдан кейін «Тек Тұрмас» бабаның басына, кейін түскі ас ішуге «Қайнар» дәмханасының тіл үйірер дәмді тағамдарынан дәм татты. Сонан соң бәріміз бірге тарихта есімі белгілі Қарахан кесенесін тамашалады. Өте керемет әсерлі болды. Барлығы дерлік тарихи күйінде сақталған. Және де сол жерде Елбасымыздың жас ұрпаққа атты хатымен танысты. Елбасымыз ол хатты 2100 жылдан кейін ғана ашуға рұқсат берген екен. Міне, оқушыларымыз сондай қызықты нәрселерге тап болды. Осыдан кейін Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты монументке барып,жалпы тарихымен танысты. Ал соңғы саяхаттары Тараз жерінен 45 шақырым жерде орналасқан Ақыртас деген көне жерге барып қайтты. Әр түрлі пішіндегі ауыр және көлемді тастарды көріп оқушыларымыз таңырқап қалды. Және сондағы жер кіндігіне барып, тілек айтты!
«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» тарихи нысандарды аралау экспедициясы
«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» тарихи нысандарды аралау экспедициясы
«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» тарихи нысандарды аралау экспедициясы
«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» тарихи нысандарды аралау экспедициясы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив